Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар іздестіріліп жатыр

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су сынамасын алып, зертханаға жіберді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы аумақта Қарғалы өзеніндегі судың түсі өзгергені байқалды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, көпірден өзенге жасыл түсті химиялық зат төгілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары оқиға орнын тексеріп шықты. Заттың құрамын анықтап, өзеннің қаншалықты ластанғанын білу үшін Экология департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су сынамасын алып, зертханаға жіберді.

2025 жылы 5 тамызда Алматы қаласының Экология басқармасы, Наурызбай ауданы әкімдігі, Экология департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, бұл жағдайдың себебін және кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізбек.

Қазіргі таңда өзен арнасындағы су табиғи арнасымен ағып жатыр, ластану мен түсінің өзгеру белгілері жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда 4-10 тамыз аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров