Алматыда қарттар күнін қалай атап өтті

Қарттар скандинав жүрісімен 2 шақырымды бағындырып, мықтыны анықтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Мереке 1991 жылдың 1 қазанынан бастап, жыл сайын тойланады. Дәл сол үрдіс биыл да жалғасын тапты. Қала жұрты түрлі мерекелік іс-шараға қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы концерт 28 гвардияшы панфиловшылар саябағында өтті. Бағдарламаға 200-ге жуық қария келіп, ән шырқады. Олар бірлесе би де билеп, орталық мұражайдың ұйымдастырған көрмесін тамашалады. Ал іс-шараның екінші кезеңі тартысқа толы болды. Қарттар скандинав жүрісімен 2 шақырымды бағындырып, мықтыны анықтады.

"Жақсы өмір сүру үшін орталықтағы шараларға жиі арласамын. Биылға іс-шараға бірінші рет қатысуым. Мен мына скандинав жүрісінен бақ сынамақпын", – деді зейнеткер Нұрзиза Садықжанова.

"Қазақат «қарты бар елдің қазынасы бар» деген жақсы сөз бар. Қария, ол – тарих, ол – өмір, ол – таусылмайтын қазына. Мерекемен құттықтаймын", – деді Медеу ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызметкері Гүлнәр Төлегенқызы.

Ал Алматы музейінде «Күзгі блюз» деп аталатын көрме ұйымдастырылыпты. Оған 62 мен 84 жас аралығындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» зейнеткерлері қатысты. Көрмеге 90-ға жуық жұмыс қойылған. Келген көпшілік пейзаж, натюрморт, абстаркция жанрындағы суреттерді тамашалады. Сондай-ақ мерекелік іс-шара аясында «Алматы әжелері» тобының сән қойылымы өткізіліп, «Айналайын» би ансамблі тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

"Бірінші рет Алматы қаласында көрме ұйымдастырылды. 2018 жылы бірінші «Белсенді ұзақ өмір орталықтары» ашылған. Ал қазір республика көлемінде 90 орталық жұмыс істеп тұр", – деді қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» басшысы Сәуле Бекетаева.

"Өзіме сурет өнері бала кезден ұнайтын. Сол арманымда «Белсенді ұзақ өмір орталығына» келіп, орындалып жатыр", – деді зейнеткер Фарида Сатқынбекова.

Оқи отырыңыз: Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Новости партнеров