Алматыда Қазақстан этностары театр өнерінің фестивалі басталды

Үш күнге жалғасатын іс-шара аясында өнер ошақтары қойылым қояды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстан этностары театр өнерінің фестивалі басталды. Ауқымды іс-шара Мемлекет басшысының ұсынысымен Қазақстан халқы Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі 20-дан астам театр ұжымы қатысып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алдына жиналған мәдениет майталмандары әуелі ескерткішке гүл қойып, қызыл кілеммен жүріп өтті. Үш күнге жалғасатын іс-шара аясында өнер ошақтары қойылым қояды. Сондай-ақ шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, театр ұжымдары тәжірибе алмасады.  

«Біз театрдан үш қыз келдік, актрисалар, әртістер бар. Фестивальде Фархад Молдағали сахна шеберлігіне қатысты дәріс өткізеді деп естігенде, қатты қуандым», - дейді Шымкент қалалық өзбек драма театрының әртісі Клара Шәдібекова.

«Біз, Ассамблея жастары, өнер ұжымдарын қолдауға келдік. Мұндай ауқымды іс-шараның Алматыда өтіп жатқаны қуантады. Ол елдің тілдік және мәдени көптүрлілігін сақтауға, бір-бірін толықтыруға зор мүмкіндік береді. Біздің «Ассамблея жастары» театры да бұл айтулы іс-шараға қатысып жатыр», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайрыев.

Оқи отырыңыз: Қаламгерге құрмет: Жұмабай Шаштайұлына арналған кітап жарық көрді

Новости партнеров