Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды
1 мамырда Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні ауқымды түрде тойланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен өтіп жатыр.
Негізгі шара Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін өтеді.
Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап L Duo дуэті, дарынды пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich), «Diamond» струнды триосы, дудукист Мейірман Абдрахманұлы, «Дервиши», «Made in KZ» топтары, сондай-ақ Башқұртстаннан келген «Ay Yola» тобы, олар өздерінің танымал «Homay» композициясын орындап, Қазақстанның халық әртисі Роза Рымбаева ән шырқады.
Cағат 12:15-тен 16:00-ге дейін мерекелік концерт этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуімен жалғасады. Көрермендер халық билерін, флешмобты, халық әндері мен этникалық музыкалық композицияларды тамашалай алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда Абай алаңында кімдер өнер көрсетті