Алматыда келер жылы қандай жолайрықтардың құрылысы аяқталып, қай көшелер ұзартылады

06.12.2024 20:28

Мегаполистің үш жылдық бюджеті бекітілді

Алматы әкімдігі

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар мегаполистің үш жылдық бюджетін бекітті. Онда көлік инфрақұрылымының бірқатар жобаларын аяқтауға қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2025 жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрығының құрылысын аяқтау және Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі, сондай-ақ Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Келесі жылдың шілде айында Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 км  ұзарту аяқталады, соның арқасында Момышұлы көшесінен көлік жүктемесінің 40%-ға төмендейді.

Сондай-ақ мамыр айында Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы пайдалануға беріледі. Ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, екі жағында алты жолақты жол, веложолдар мен тротуарлар бар. 

Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрығының іргелес аумағын абаттандырылып, құрылысты толық аяқтау жоспарлануда.

Жоба Сейфуллин даңғылында көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын 2 тоннель салуды көздейді. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.

Бүгінгі таңда барлық съездерге асфальтбетон жабыны төселді, бір жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдерінің асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары аяқталды.

Айта кету керек,жолайрығы  пайдалануға берілгеннен кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15%-ға, Сейфуллин даңғылының  өткізу қабілеті 20%-ға артады.

Оқи отырыңыз: Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейтуге арналған қалалық бағдарлама әзірленеді