Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады

21.11.2025 15:03

Жәрмеңкеде жалпы көлемі 300 тонна болатын 50-ден астам түрлі өнім ұсынылады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының тауар өндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәрмеңкеде жалпы көлемі 300 тонна болатын 50-ден астам түрлі өнім ұсынылады. Оның ішінде:
* ет өнімдері – 80 тонна,
* жеміс-жидек және көкөніс – 80 тонна,
* сүт өнімдері – 40 тонна,
* өзге де тауарлар – 100 тонна.

Жәрмеңке 22-23 қараша күндері сағат 08:00-17:00 аралығында Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аумақта өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін мемлекеттік наградамен марапаттады