Алматыда кезекті заңсыз салынған қосалқы нысан сүріліп жатыр

29.08.2025 09:12

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттарынсыз, қосалқы нысанды заңсыз салғаны анықталды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмабаев көшесі, 23б мекенжайындағы кафе жанында салынған қосалқы нысан сот шешімі бойынша бұзылатын болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттарынсыз, қосалқы нысанды заңсыз салғаны анықталды. 
 
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданды, кейін істі қаланың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
 
2025 жылғы 27 маусымда Мамандандырылған ауданаралық сот меншік иесін кінәлі деп тауып, заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу жөнінде қаулы қабылдады.

Сот шешімін орындау мақсатында құрылыс меншік иесінің күшімен толықтай бұзылды.

Оқи отырыңыз: Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы