Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні
Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті, деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, Қазақстан халқы атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауы тиіс.
"Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік — бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар", — деп жазды Мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы