Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті

Алматы қаласы әкімдігінен
Алматы қаласы әкімдігінен

Қонақтарға арналған түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, көрме қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Халықаралық қарттар күніне орай «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фестивальге Медеу ауданының зейнеткерлері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары мен олардың отбасы мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Қонақтарға арналған түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, көрме қойылды. Негізгі сахнада шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, құттықтау сөздер айтылды. Мерекелік бағдарлама музыкалық нөмірлермен толықты.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, фестивальдің негізгі мақсаты – аға буынға қолдау көрсету, егде жастағы адамдарды қаланың мәдени, шығармашылық, спорттық және қоғамдық өміріне белсенді араластыру.