Шара цифрлық теңсіздікті азайтуға және азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 418-НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабар таратуға көшу қағидалары бекітілді. Аталған қағидалар телерадио хабар тарату жүйесін кезең-кезеңімен жаңғыртуға және халықты ақпарат берудің заманауи технологияларына қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Цифрлық эфирлік теледидар аналогтық хабар таратуға қарағанда бірқатар елеулі артықшылықтарға ие. Ол бейне мен дыбыстың жоғары сапасын, телеарналар мен бағдарламалардың кеңейтілген таңдауын, сондай-ақ сигналдың сыртқы факторларға төзімділігін қамтамасыз етеді. Аналогтық сигнал ауа райы жағдайларына тәуелді болып, қолайсыз ауа райы немесе қатты жел кезінде жоғалып кетуі мүмкін болса, цифрлық телехабар тарату жоғары деңгейдегі қорғаныс пен сигналдың тұрақтылығымен сипатталады және оны алыс қашықтықтарда қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аналогтық форматта «бір таратқыш – бір арна» қағидаты қолданылса, цифрлық технологиялар бір таратқыш арқылы бірден бірнеше телеарнаны таратуға мүмкіндік береді, бұл жиілік ресурсын пайдалану тиімділігін едәуір арттырады.
Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және ақпараттық ресурстарға тең қолжетімділікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңына сәйкес жеке тұлғаларды, яғни мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларды теледидарлық абоненттік приставкалармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 433-НҚ бұйрығы). Аталған қағидаларға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті алушылар (бұдан әрі — АӘК) теледидарлық абоненттік приставкалармен жабдықтау мен оларды орнатуды қоса алғанда, тегін негізде қамтамасыз етіледі.
Бұл шара әлеуметтік жағынан осал санаттағы халықты қолдауға, цифрлық теңсіздікті азайтуға және азаматтардың ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған. Цифрлық теледидардың болуы АӘК алушыларына қоғамдық маңызы бар ақпаратты, жаңалықтарды, әлеуметтік хабарландыруларды, білім беру және балаларға арналған бағдарламаларды қосымша қаржылық шығынсыз уақтылы алуға мүмкіндік береді.
Теледидарлық абоненттік приставканы алу үшін атаулы әлеуметтік көмек алушы Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тиісті өтінішпен жүгінуі қажет.
Мамандар тарапынан қажетті консультациялар беріліп, жабдықты алу және орнату тәртібі түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама аясында практикалық көмек көрсетіледі.
Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мекенжайлары: