Алматыда кітапхана билетінің орнына мобильді қосымша қолданылады

Мекемелерде кітап алу, тапсыру және іздеу үрдісі түгелдей автоматтандырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы кітапханалары толық цифрландыру жолына түспек. Мегаполистегі кітапсүйер қауым үшін дәстүрлі кітапхана билеттерінің орнына жаңа мобильді қосымша даярланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ мекемелерде кітап алу, тапсыру және іздеу үрдісі түгелдей автоматтандырылған. Бірнеше батырманы басу арқылы оқырман қалаған әдебиетіне қол жеткізе алады.

Айта кетейік, жақында шаһардағы «Алатау Creative Hub», Мұхтар Әуезов және Жамбыл атындағы қалалық кітапханалар тәулік бойы жұмыс істеу форматына көшкен. Бұл елдің кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, келушілер санын еселеп арттырған.

«Бірінші қабатта үлкен кітап аппараты бар. Ол қазіргі таңда Алматы бойынша ең үлкен, ең ауқымды аппарат болып саналады, ішінде 500-ге жуық бар. Қазіргі уақытта Алматы бойынша 25 аппаратымыз жұмыс істеп тұр», – деді  «Alatau Creativehub» орталығының жетекшісі Сәуле Бабамұратова.

Кітапханалар оқу орны ғана емес, шығармашылық пен дамуға арналған кеңіcтікке айналған. Мұнда жайлы оқу аймақтарынан бөлек, демалыс бұрыштары, шеберлік сағаттары, үйірмелер мен цифрлық сервистер бар.

«Керек, іздегеніңнің бәрін осы жерден тапсаң болады. Бірінші қабатта компьютерді қолданамыз. Экранда шығып тұрады, оны пайдаланған тиімді», – деді оқырман Шыңғыс Қани.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданын аралады

Новости партнеров