Алматыда қоқыс жинау бойынша жалпықалалық акция өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Акция «Жарқын күз» науқаны аясында өткізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы 19 қазанда сағат 10:00-де Алматыда аумақты жинау және көшет отырғызу бойынша жалпықалалық экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция аясында қаланы қоқыстардан және құлаған жапырақтардан тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын жинау, сондай-ақ ағаштарды жаппай отырғызу (10 мыңға жуық көшет дайындалды) жоспарлануда.

Алматы әкімдігі көшеттерді, қажетті заттарды (қолғаптар, қаптар, күректер, тырмалар) беру және акцияға қатысушыларды ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ жиналған қоқыстарды полигонға шығаруды ұйымдастыру жөнінде қолдау көрсететін болады.

Алматының барлық тұрғындарын туған қаласын тазартуға және қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Акция өтетін негізгі орындар:

1. Алатау ауданы, Аla саябағы

(https://2gis.kz/almaty/geo/9430021605163014/76.812289729714394,43.287000361891934)

2. Алатау ауданы, Көкқайнар ш/а Боралдай өзенінің жағасында.

(https://2gis.kz/almaty/geo/70030076166665899/76.838608821853995,43.297995904951854)

Коммуналдық қызметтердің қатысуымен тазаланатын локальды іс- шаралар:

Алмалы ауданы:           

 М. Ганди атындағы саябақ https://2gis.kz/almaty/geo/70000001089141107/76.897597,43.243872 ;

 Тастақ-2 ш/а https://2gis.kz/almaty/geo/9430073144770561/76.873893,43.252853.

Әуезов ауданы:             

 Абай даңғылы Өтеген батыр көшесінен Яссауи көшесіне дейін:https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375039957/76.832997,43.215021 ;

 Жетісу сквері https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375178105/76.842007,43.221859 .

Бостандық ауданы:      

Гагарина бульвары Абай даңғылынан Жандосов даңғылына дейін: https://2gis.kz/almaty/geo/9430021605163016/76.894869,43.235286 ;

Абай даңғылы Байзақов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін.

Жетісу ауданы:               

Көкжиек ш/а https://2gis.kz/almaty/geo/9430021605163015/76.928607,43.358036 ;

Жангелдин атындағы саябақ https://2gis.kz/almaty/geo/70030076807979901/76.955222,43.292366 .

Медеу ауданы:              

Коперник көшесі, 33 https://2gis.kz/almaty/geo/70030076395182295

 28-панфиловшылар саябағы https://2gis.kz/almaty/geo/9430098914574545 .

Наурызбай   ауданы:   

Алатау даңғылы, Белжайлау көшесінің бұрышы;  

Алатау даңғылы, Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін;

⁠Алма сити-5, барлық аула.

Түрксіб ауданы:             

«Желтоқсан» саябағы https://2gis.kz/almaty/geo/70030076460098511 ;

Қонаев, 336 к2 ӨК аумағы

https://2gis.kz/almaty/geo/70030076324725929/76.981948,43.315759.

Новости партнеров