Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды

06.10.2026 11:20

Бүгінде Алматы жылыту маусымына 100% дайын

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың жылыту маусымы мен қысқы кезеңге дайындығына арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде Алматы жылыту маусымына 100% дайын. Тұрғынүй қоры, мектептер мен балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары толық дайын. Жылу, электр, газ және сумен жабдықтайтын негізгі кәсіпорындар да қысқа дайындық жұмыстарын аяқтады.

Жиында қаланың жауын-шашынға және қысқы тазалық жұмыстарына дайындығы да талқыланды. Арық желісіндегі 129 күрделі учаскенің 117-сінде жұмыс аяқталды. Қалған жұмысты 30 қазанға дейін аяқтау тапсырылды.

Қалалық қызметтер мен арнайы техника жауын-шашын кезінде және қысқы маусымда жұмыс істеуге дайын.

Дархан Сатыбалды жол қызметі мен инженерлік желілер иелерінің өзара іс-қимылын күшейтіп, барлық дайындық жұмысын аяқтауды және жылумен жабдықтау нысандарын «АлЭС» теңгеріміне уақытылы беруді тапсырды.

Сонымен қатар жеке секторды газдандыру және қыс мезгілінде жаңартылған қалалық инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.

Толық көрсету