Секторды заңдастыруға 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілген арнайы салық режимі мүмкіндік берді
Елімізде тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 14,5 мың адамнан 804,8 мың адамға дейін өсті. Олардың 600 мыңнан астамы бұрын тіркелмеген, бірақ ресми экономикалық айналымға тартылған адамдар. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Секторды заңдастыруға 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілген арнайы салық режимі мүмкіндік берді. Осы тетік аясында салық агенттері ретінде әрекет ететін цифрлық платформалар әлеуметтік төлемдерді 4% мөлшерінде автоматты түрде ұстап қалады.
«Yandex-тен бастап, бүгінде Indrive, Wolt, Glovo және басқа да платформаларды қоса алғанда, 38 платформаны қостық. Нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 14,5 мыңнан 805 мың адамға дейін өсті, ал әлеуметтік төлемдер 1,4 млрд теңгеден 16,1 млрд теңгеге дейін артты. Бұл ретте 600 мыңнан астам тіркелмеген тұлға ресми экономикалық айналымға тартылды»,
— деді қаржы министр.