Алматыда контрафактілік пиротехниканың 150-ге жуық қорабы тәркіленді

13.12.2024 19:25

Мегаполисте "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

polisia.kz

Алматыда контрафактілік пиротехниканың 140-тан астам қорабы тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы 2024 жылдың 5 желтоқсаны мен 2025 жылдың 3 қаңтары аралығында өткізіліп жатқан "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындысын шығарды.

– Іс-шара басталғалы бері полиция бөлімшелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы «Тауарлардың немесе басқа заттардың заңсыз айналымы» бойынша 17 құқықбұзушылық дерегін анықтады. Заңсыз айналымнан 140-тан астам қорап пиротехникалық тауарлар тәркіленді. Тауарларды онлайн сату жүзеге асырылатын сауда нысандары, базарлар мен интернет-ресурстар тұрақты бақылауда, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы.

Естеріңізге сала кетейік, «Пиротехника» іс-шарасының мақсаты – жаңажылдық мерекелер кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды адамдардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар пайдаланатын бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын қадағалау.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі