Мектептегі ас мәзірі: оқушылар жаңа стандарт бойынша тамақтанады

13.12.2024 19:47

Білім беру ұйымдарындағы ас мәзірінің жаңа жобасы 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда түседі

Мектеп оқушылары жаңа стандарт бойынша тамақтанады. Балаларды сапалы әрі теңдестірілген тағаммен қамту үшін Денсаулық сақтау министрлігі ас мәзірінің талаптарын өзгертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда "Әділдік және өркендеу" қоры және қалалық қоғамдық кеңестің өкілдері бірлесіп, білім беру ұйымдарындағы тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа нормасын талқылады. Басқосуда сала мамандары жобаның тетіктері мен алдағы жоспарын сөз етті.

"Ас мәзірі баланың денсаулығына пайдалы болуы керек. Оның құрамындағы дәрумендерінің мөлшері қанша болуы тиіс. Сы мәселелер талқыланды", – деді "Әділдік және өркендеу" қоғамдық қорының мүшесі Әсет Оңалбаев.

Білім беру ұйымдарындағы ас мәзірінің жаңа жобасы 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады. Жиынға қатысушылар құжаттың басты ережелерімен танысып, оған қосар өз ұсынысын айтты.

"Стандарт еліміздің барлық өңіріне бірдей керек. Әр өңірдегі сарапшылардың пікірін де ескерген жөн. Тәжірибені, статистиканы ұмытпайық. Сондықтан жаңа стандартты алдымен пилоттық режимде белгілі бір өңірге енгізген дұрыс", – деді қоғамдық кеңестің Білім беру мәселелері жөніндегі төрағасы Рафаэль Гасанов.

Оқи отырыңыз: Муфаса. Арыстан патша: Алматыда анимациялық фильмінің гала-тұсаукесері өтеді