Көрермендерді Монте-Карло, Жирона, Сен-Поль-ле-Дакс, Мәскеу және Санкт-Петербургтегі айтулы фестивальдердің лауреаты болған әлемдік цирк өнері жұлдыздарының ерекше бағдарламасы күтеді
2025 жылы 4 қазаннан 16 қарашаға дейін Қазақ мемлекеттік циркте Magic Circus Tango ауқымды халықаралық қойылым өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда алғаш рет бір сахнада екі аңызға айналған труппа өнер көрсетеді: атап айтсақ, құрылғанына 145 жыл толған Мәскеудегі Юрий Никулин атындағы «Цветной бульвар» циркі және 55 жылдық шығармашылық мерейтойын атап өтіп отырған Қазақ мемлекеттік циркі.
Көрермендерді Монте-Карло, Жирона, Сен-Поль-ле-Дакс, Мәскеу және Санкт-Петербургтегі айтулы фестивальдердің лауреаты болған әлемдік цирк өнері жұлдыздарының ерекше бағдарламасы күтеді. Қойылымда цирктің үздік жанрлары тоғысады: әуе гимнастикасы, эквилибристика, сиқырлы трансформация, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі сайқымазақтар мен акробаттардың өнері.
Билеттер цирк кассаларында және билет операторының сайтында қолжетімді.
Оқи отырыңыз: Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан сүрілді