Іс-шарада бөбекжай тәрбиеленушілері өз қиялынан туған ертегілерді сахналап, тың идеяларын ортаға салды
Алматыда мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тың тәсілдер енгізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Наурызбай ауданындағы №202 бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндердің шығармашылығын, қиялын және танымдық қабілетін дамытуға бағытталған ерекше жоба таныстырылды.
Оның аясында корей елінің тәжірибесіне негізделген әдістерді пайдаланып, балақайлардың білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашу көзделген.
«Қиялдан туындаған жаңа дәуір ертегісі» атты әдістемелік іс-шарада бөбекжай тәрбиеленушілері өз қиялынан туған ертегілерді сахналап, тың идеяларын ортаға салды. Мұнда одан бөлек жаңа технологияларды қолданатын ойын кеңістіктері, құммен жұмыс және робототехника секілді бағыттар қамтылған. Әр тәсіл баланың жас ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, шығармашылық ойлауын, қарым-қатынас дағдыларын және қоршаған ортаны тануын дамытуға негізделген.
"Балабақшада бала тәрбиесіндегі ең озық әлемдегі тәжірибелер енгізудің бір бағыты - балалардың қиялын дамыту. Ой-өрісін дамытып, жалпы шығармашылыққа баулу мақсатында бір жыл бойы жұмыс жасады. Ол - ата-ана, бала, балабақша үштік ынтымақтастықта жұмыстың нәтижесі", - деді Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.
"Былтыр қараша айында 36 меңгеруші Кореяға барып, тәжірибе алмасып келді, соның нәтижесінде 35 жоба іске асырылып жатыр", - деді қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері Жанар Тұралина.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады