Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды

Музейде ардагер мамандардың жеке заттары мен заңды құжаттар қойылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бар ғұмырын елдің игілігіне арнап, лауазымды міндетін абыроймен атқарған азаматтардың құрметіне «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды. Мұражай ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының базасында бой көтерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұнда ардагер мамандардың жеке заттары мен заңды құжаттар қойылған. Салтанатты рәсімге Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен мемлекеттік орган өкілдері, мәслихат депутаттары мен жас түлектер қатысып, «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өткізді. Басты мақсат – сала мамандарының мұрасын насихаттап, аталған қызметтің иммиджін қалыптастыру, оны жастарға үлгі ету.

"Мемлекеттік қызметтің дамуы туралы музей ашып, соған мына ардагерлер жәдігерлерін табыстады. Жас қызметкерлер үшін өткен жолды қарап білу, сол туралы ақпарат алу, деректер алу қызықты", – деді қоғамдық кеңестің президиум мүшесі Барыс Жапаров.

"Мемлекеттік мұражайдың ашудағы мақсат – аға буын мен ұрпақтар арасындағы сабақтастықты құру. Бұл жерде мемлекеттік қызметшілердің бұрын жұмыста қолданған, тұтынған заттары, мемлекеттік  ақпараттық қалыптастырудағы заңды маңызды құжаттар жинақталды", – деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Әйгерім Әбілова.

Оқи отырыңыз: Алматыда қазақ-неміс глаукома орталығы ашылды

Новости партнеров