Алматыда қазақ-неміс глаукома орталығы ашылды

Мамандардың айтуынша, елімізде 70 мыңнан аса адам глаукома дертіне шалдыққан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ-неміс глаукома орталығы ашылды. Медициналық мекеме Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты мен Германия мемлекеті мамандарының бастамасымен іске қосылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық қызметкерлерінің сөзінше, елде глаукома мәселесі өзекті болғанымен, науқастар көбіне дерті асқынған кезде ғана ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді. Ал мұнда көз сырқатын ерте анықтап, оны бірегей әдіспен емдеу жолдары қарастырылған. Сондай-ақ отандық және шетелдік дәрігерлердің өзара тәжірибе алмасуына да мүмкіндік жасалған.

"Соқырлыққа баратын аурудың біреуі болатын болса, ол – глаукома. Көзді ауыртпайды, сыздатпайды, қызартпайды. Бағдарламаныңбасты жоспары – 40-тан асқаннан жандардың көз қысымын тексеру. Неге десеңіз, ол 95 пайыз тұқым қуалайды. Қан қысымы, қант диабеті – бәрі міндетті түрде ерте ме, кеш пе глаукомаға апарады", – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологі Тұрсынгүл Ботабекова.

Мамандардың айтуынша, елімізде 70 мыңнан аса адам глаукома дертіне шалдыққан. Ал бұл орталықтың ашылуы қазақ офтальмологиясында маңызды қадам болып отыр.

Айта кетейік, іс-шараға көз ауруларын емдейтін неміс дәрігерлері де қатысып, медициналық мекеменің әлеуетіне жоғары баға берді. Екі тарап алдағы уақытта бұл саладағы ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отыр.

"Бұл клиника офтальмологияға қажетті барлық заманауи жабдықтармен қамтылған. Қазақстанда глаукоманы емдеу тәсілі осы орталықтың көмегімен дами түседі деп сенеміз. Алдағы уақытта мұнда семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отырмыз.  Ол мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі", – деді көз клиникасының бөлім меңгерушісі Карл Эрб (Германия).

Оқи отырыңыз: TAVI тәсілі: Алматыда қолқа клапаны имплантацияланды

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров