Алматыда монша және сауна иелерімен профилактикалық жұмыс күшейтілді

15.12.2025 18:25

Қалада шамамен 400-ге жуық монша мен сауна бар

Фото видеодан алынды

Қатты отын пайдаланатын моншалар мен сауналар атмосфералық ауаның ластану көзіне айналуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы қаласының атмосфералық ауа сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері аталған нысандарды жоспарлы профилактикалық мақсатта аралады. Бұл туралы мегаполистің Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда шамамен 400-ге жуық монша мен сауна бар. Алайда олардың бір бөлігі міндетті экологиялық тексеруден өтпей, яғни тиісті экологиялық рұқсаттарсыз жұмыс істеп келеді.

Профилактикалық іс-шаралар барысында «Eco Almaty» мамандары нысан иелеріне экологиялық заңнама талаптарын, экологиялық тексеруден өтудің маңызын, шығарындыларды есепке алу қағидаларын және қоршаған ортаға әсерді азайту жолдарын түсіндіреді.

Мұндай жұмыстың негізгі мақсаты – заңбұзушылықтардың алдын алу, экологиялық тәуекелдерді төмендету және қала ауасының жай-күйіне жауапты көзқарас қалыптастыру. Профилактика ықтимал мәселелерді алдын ала анықтауға мүмкіндік беріп, Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Сандар сөйлесін: биыл Алматыда шетелдік туристер қандай көрікті жерлерге қызығушылық танытты

Теги: Алматы