Сандар сөйлесін: биыл Алматыда шетелдік туристер қандай көрікті жерлерге қызығушылық танытты

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Mastercard компаниясының мәліметінше, 2025 жылы қаңтар–қараша аралығында шетелдік туристер Алматы қаласындағы түрлі орындар мен көрікті жерлерге жоғары қызығушылық танытқан. Ең танымал бағыт ретінде Shymbulak тау шаңғы курорты тіркеліп, оның үлесі 30,62% болды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туристер арасында сұранысқа ие өзге орындар қатарында: Үлкен Алматы көлі – 7,84%, Медеу – 6,24%, MEGA сауда-ойын-сауық орталығы – 5,52%, Арбат – 4,64%, Шарын шатқалы – 4,35%, Орталық мәдениет және демалыс саябағы – 4,35%, Көлсай көлі – 3,92% бар.

Мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде көш бастап тұрғандар: Көктөбе – 12,8%, Вознесенский шіркеуі – 12%, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі – 7,2%, Көк базар – 6,4%, Тұңғыш Президент саябағы – 4%, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – 4%, Алматының Орталық мешіті – 3,2%.

Аталған деректер туристер қызығушылығының алуан түрлі екенін және қаланың бірегей мәдени мұрасына деген назардың жоғары екенін көрсетеді. Туризм басқармасында атап өткендей, Алматы таулары туристер үшін негізгі орын болып қала береді. Ал «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттарын аспалы жолдар мен жаяу бағыттар желісі арқылы біріктіру туристерді бөлуге, демалыс үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11% жоғары. Жыл соңына дейін шетелдік туристер саны 750 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлік компаниялар лицензиясынан айырылды

Новости партнеров