Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында футбол турнирі өтті

11.07.2025 15:31

Тартысты додаға алты команда қатысты

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында "ID Footbаll Cup-2025" футбол турнирі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен спорт федерациясы ұйымдастырды.

Тартысты додаға шаһардағы медициналық-әлеуметтік мекемелердің қамқорлығындағы алты команда қатысты.

Ойындар айналма жүйе форматында өтіп, турнир қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған ұжым жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстар ерекше жандардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың қоғамға бейімделуіне сеп болады дейді.

«Бұл турнирдің негізгі мақсаты – осындай жандарға көңіл бөлу, көмектесу, көңілін аулау. Және болашақта осы кісілердің арасынан жақсы ойыншыларды іріктеп алып, Алматы қаласының атынан республикалық жарыстарға қатыстыру», - деді «Алатау» арнайы қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Мырзабек Қазыханов.

Оқи отырыңыз: Қандай жеміс пен көкөністі тоңазытқышта сақтауға болмайды