Атырау облысында 18 жастағы қыз бала өзенге батып кетті

11.07.2025 15:53

Қазіргі таңда өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді

Жасөспірім Жайыққа батып кетті. Қайғылы оқиға Атырау облысына қарасты Индербор кентінде болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Анықталғандай, 18 жастағы қыз 9 шілдеде үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Ал өзенге бара жатқан сәті маңайдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бірнеше күн іздеу жүргізген сүңгуірлер су айдындарын тәулік бойы тексеріп, кеше түскі сағат 15.00 шамасында қыздың денесін судан алып шықты.

 «Индер ауданында 18 жастағы қыз баланың өліміне қатысты қазіргі таңда өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Жүргізуші куәлігі болмаған: Шымкентте адам өліміне себепкер болған тұрғын сотталды