Алматыда Наурыз мейрамына байланысты көшелер уақытша жабылады

Will Porada/unsplash.com/
Will Porada/unsplash.com/

Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізу аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді.

Сонымен қатар, 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.

Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, балама жолдарды таңдап алуларыңызды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда Наурыз мейрамы ауқымды түрде тойланады

Новости партнеров