Алматыда «Нижняя пятилетка» шағынауданында 147 шақырым су және кәріз құбырлары тартылды

25.11.2024 12:44

Қазіргі уақытта 40 көшеде инженерлік коммуникациялар тартылған соң жаңа асфальт төселген

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Түрксіб ауданында «Нижняя пятилетка» шағынауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ауқымды қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба аясында 115 км су құбыры және 32 км кәріз желілері салынды, бұл ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 40 көшеде инженерлік коммуникациялар тартылған соң жаңа асфальт төселген. Қалған 11 көшеде желілер құрылысы аяқталып, жолға асфальт төселетін болады. 

Жобаның толық аяқталуы ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына жоспарлануда. Бұл ретте мердігер ұйым бес жыл ішінде орындалған жұмыстардың сапасына жауапты болады және осы кезең ішінде өз есебінен кез келген залалды қалпына келтіруге міндеттенеді.

Жұмыстар 51 көшені қамтыды, ал жаңартылған инфрақұрылымға 4800 абонент қол жеткізді - олар  бұрын орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылмаған 25 мыңға жуық тұрғын. 

«Төменгі бөлігіне асфальт төселді. Бекмаханов көшесінің төмен жағы түгел асфальттанды», - деп атап өтті шағынаудан тұрғындарының бірі. 

«Кәріз жүргізілді, жаңа су құбыры жүргізілді. Барлығы риза. Нюанстар болды, бірақ бәрі түзетілді», - деп тағы бір жергілікті тұрғын ризашылығын білдірді. 

Бұрын шағынауданның су құбыры желілерінің тозуы 80% - дан асып, апаттарды жоюда қиындықтар туғызды. Енді осы ауданда тұратын қала тұрғындары үшін сумен тұрақты жабдықтау және инфрақұрылым жақсарту қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осы проблемаларды шешу үшін 2022 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Түрксіб ауданының «Нижняя пятилетка» ш/а «кәріз желілерін салу және су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Алайда, жобада ескерілмеген жаңа абоненттердің анықталуына байланысты 2023 жылы түзетулер енгізілді. Жұмыс 2024 жылдың басында қайта басталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Жан жарығы» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді