Жаңа формат өтініштерді тәулік бойы, демалыс және мереке күндері де қабылдауға мүмкіндік береді
Алматыда қала әкімдігінің Қоғамдық қабылдауы — Open Almaty байланыс орталығының бірыңғай 109 нөмірі енгізілді. Бұл нөмір бұрынғы 1308 нөмірінің орнына қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа формат өтініштерді тәулік бойы, демалыс және мереке күндері де қабылдауға мүмкіндік береді.
Бірыңғай нөмірге көшу өтініштерді қабылдау жеделдігін арттыруға, жауап күту уақытын қысқартуға және қалалық сервистерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
109 байланыс орталығы қалалық инфрақұрылым, көріктендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттар бойынша өтініш қабылдайтын негізгі байланыс арнасына айналды.
Сонымен қатар тұрғындар үшін қосымша байланыс тәсілдері сақталған:
Осылайша, әр тұрғын өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, өтінішті онлайн немесе келіп жолдай алады.
Бірыңғай 109 нөмірінің енгізілуі — қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейту және сервистер сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Оқи отырыңыз: Алматыға былтыр 750 мыңнан астам шетелдік саяхатшы келген