Олардың ішінде көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, азық-түлік, жұмыртқа, шұжық, бал, нан-тоқаш өнімдері мен тәттілер бар
Жыл басынан бері Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерге қаланың 550 000-нан астам тұрғыны мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Апта сайынғы уақытша сауда алаңдарында Алматы мен Алматы облысының 320-дан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері 1000-нан астам азық-түлік тауарларын ұсынады. Олардың ішінде көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, азық-түлік, жұмыртқа, шұжық, бал, нан-тоқаш өнімдері мен тәттілер бар. Өнімдер жәрмеңкеге делдалдарды айналып өтіп, тікелей фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындардан әкелініп отырады, бұл қол жетімді бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкелердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкелерді ұйымдастырушы — «Алматы» ӘКК» АҚ — жалға алушылар ұсынған бағаларды сақтау мақсатында сауда нүктелеріне тұрақты мониторинг жүргізеді.
Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін мегаполистің бес ауданында өтеді:
• Алатау ауданы — «Мәдениет» ТҮК
• Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында
• Әуезов ауданы — Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы
• Бостандық ауданы — Қазақфильм ықшам адуаны, Исиналиев көшесі
• Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің бұрышы
Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды