Алматыда полицейлер 100 жастағы майдангерді құттықтады

25.10.2024 19:52

Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылған

polisia.kz

Ішкі істер органдарының аты аңызға айналған ардагеріне Алматы қалалық полиция департаментінде салтанатты түрде құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға туған күн иесі, ПД басшылығы, ардагерлер, Қамбар Сәрсеновтің туған-туыстары, жеке құрам, сондай-ақ ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттары қатысты.

– Қамбар Әмірұлының өмірі, еңбек жолы, ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесі, қол жеткізген жетістіктері, қазақ халқының сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі, батылдығы мен ерен еңбегі біздің ұрпағымыздың есінде мәңгі қалады. Қамбар ағамыздың қыры мен сырына толы өмір жолы жас мамандар үшін үлкен өнеге екені сөзсіз. Біз Қамбар ағамыздай ардагерлермен мақтанамыз және олардың жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Құрметті Қамбар Әмірұлы, сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, таусылмас қуат тілейміз, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Ардагердің жүз жасқа толған мерейтойы күні майдангерге арнап полиция қызметкерлері мен полиция департаменті ансамблі солистерінің орындауында әскери әндер шырқалды.

Оқи отырыңыз: Республика күнінде Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді