Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

22.05.2025 19:14

Түнгі уақытша шектеулер жылу желілерін жөндеу үшін енгізіледі

Аlmaty.tv

23 мамырда сағат 23:00 бастап 24 мамырда сағат 08:00 дейін Алматының Алатау ауданында автокөліктер қозғалысы Райымбек даңғылының бойымен Н. Данченко көшесінен бастап Емцов көшесіне дейін батысқа қарай жартылай жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлауынша, қозғалыс шығыс бағытына қарай ашық болады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша іс-шаралар аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Еске саламыз, қозғалыстарды шектеу жөніндегі барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және оларға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Райымбек – Саин жолайрығы 2026 жылы күрделі жөндеуден өтеді