Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді

22.10.2026 12:22

Мерекелік іс-шаралар Қазақстаннан тыс жерлерде де өтеді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осыған орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-бұқаралық, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік бағдарлама аясында концерт, музей және кітап көрмесі, дөңгелек үстел, спорттық жарыс, зияткерлік ойын, байқау, танымал тұлғалармен кездесу, флешмоб пен жастар акциясы өтеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өткізу жоспарланған.

Негізгі іс-шаралар:

  • 23 қазанда Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сол күні сағат 18:30-да «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Егемен ел – еңселі ел» концерті ұйымдастырылады.
  • 25 қазанда «Медеу» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтеді.
  • Сол күні сағат 17:00-ден 21:30-ға дейін Абай алаңында танымал өнерпаздардың қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт өтеді.
  • 10–25 қазан аралығында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған жалпықалалық «Оқитын ұлт – озық ұлт» акциясы өтіп жатыр.
  • 20–25 қазан аралығында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында Республика күніне орай IV Халықаралық «Almaty Puppet Festival – 2026» қуыршақ театрлары фестивалі өтуде.

Аудандардағы іс-шаралар:

Алмалы ауданы

  • 22 қазан, сағат 15:00 – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде мерекелік концерт (Абылай хан даңғылы, 83).

Түрксіб ауданы

  • 22 қазан, сағат 15:00 – №6 Оқушылар үйінде концерт.

Әуезов ауданы

  • 22 қазан, сағат 15:00 – «Нархоз» университетінде мерекелік іс-шара (Жандосов көшесі, 55).

Наурызбай ауданы

  • 22 қазан, сағат 14:30 – Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында концерттік бағдарлама (Шұғыла шағынауданы, 347/4).

Жетісу ауданы

  • 23 қазан, сағат 11:00 – Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара (Кемел шағынауданы, Есім хан көшесі, 127).

Медеу ауданы

  • 23 қазан, сағат 12:00 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында салтанатты концерт.

Бостандық ауданы

  • 23 қазан – Satbayev University-де концерттік бағдарлама.

Алатау ауданы

  • 24 қазан, сағат 18:00 – «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт.

Сонымен қатар Республика күніне арналған іс-шаралар Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік орталықтарда да ұйымдастырылады. Қызмет алушылар үшін концерттік және ойын-сауық бағдарламалары әзірленген.

Мерекелік іс-шаралар Қазақстаннан тыс жерлерде де өтеді. 21–29 қазан аралығында «Алматы әуендері» КМҚК-ның «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қала билігінің қолдауымен Италияның Рим және Флоренция қалаларында концерт береді. Өнер көрсетілімдері Республика күніне орай ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне арналған флешмобқа 1 мың жас қатысты

Толық көрсету