Ақаулар қайталанбауы үшін қала әкімі Дархан Сатыбалды нысанға барып, инженерлік желілердің жағдайын тексерді
Алматыда тұрғындар шағымданған «Сакура» кешеніндегі жылу мәселесі шешімін тапты. Бұған дейін мұндағы халық пәтерлердің салқындап, судың жиі үзіліп қалатынына алаңдаушылық танытқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, басқарушы компанияның қарызы кесірінен және желілерге шамадан тыс жүктеме түскендіктен 1600 адамдық кешен уақытша су мен жылудан үзіліп қалған. Қазір тұрғын үйдегі үш қазандық та штаттық режимде іске қосылып, судың берілуі тұрақтандырылды. Ақаулар қайталанбауы үшін қала әкімі Дархан Сатыбалды нысанға барып, инженерлік желілердің жағдайын тексерді.
«Сакура тұрғын үй кешенінде бірқатар коммуналдық қызметке қатысты сұрақтар туындаған. Бұл – бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, 1-2 айда «Сакура» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын тұрақты сумен, үздіксіз жылумен қамту мәселесі оң шешілді», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Аралбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды