Елдің тамыры – кәсіпкерлерде: Алматыда бизнес-форум өтті

Форумға тек қазақстандық кәсіпкерлер мен топ-менеджерлер қатыса алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Елдің тамыры – кәсіпкерлерде». Алматыда осындай атаумен SHANYRAQ 2025 кәсіпкерлерді қолдау бизнес форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шара барысында қаржыландыру мен инвестицияларға қол жеткізу, салықтық және құқықтық сауаттылықты арттыру, цифрландыру, жаңа нарықтарға шығу және Made in Kazakhstan жергілікті брендтерін дамытуға арналған практикалық құралдар ұсынылды.     

Кейінгі үш жылда 11-рет ұйымдастырылып отырған бизнес-форум бұған дейін Астана, Қарағанды, Өскемен және Ташкент қалаларында өтіп, бір алаңға мыңдаған қатысушы жинаған. Ерекшелігі тек қазақстандық кәсіпкерлер мен топ-менеджерлер қатыса алады. Олар жас бизнес өкілдеріне өздерінің жүріп өткен жолдары мен кездесетін қиындықтарды еңсеру жолын баяндап, нақты құралдар көрсетеді.

«Бұл – тәжірибе алмасу алаңы. Жәй лозунг, бос сөз айттылмайды. Нарықта қалай өсуге болады, сату, маркетинг, команда бойынша жақсы практикалық инструменттерді көрсетеміз», – деді ұйымдастырушы Маргарита Бояров.

Форум биыл алғаш рет қос тілде өтіп, 2,5 мыңнан аса кәсіпкердің басын қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сала өкілдерінің бизнес-контентке кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. SHANYRAQ бизнес-форумы тәжірибе алмасу, жаңа идеялармен бөлісу және өсуге қажетті ресурстарды табу алаңын ұсынады.

«Форум – тек кәсіпкерлерге емес, адамдарға мотивация алып, қалай қимылдау керек, қалай өмірдің қиыншылығынан өту керек, бизнес жүргіземін десе, қалай жүргізу керек деген сұрақтарға жауап беретін орта. Кәсіпкерлердің тарихы, қалай өтті, бүгін қандай дәрежеге жетті? Бәрі қамтылады», – деді кәсіпкер Гүлбану Майғарина.

Биылғы форум кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған нақты құралдарды ұсынып қана қоймай, жас стартап иелерінің өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Келесі жылы форум ауқымын кеңейтіп, бизнес өкілдерін көбірек қамту жоспарланып отыр.

Олжас Омарбек, Рашиддин Якубов

Оқи отырыңыз: Алматыда «Сакура» кешеніндегі жылу мәселесі шешімін тапты

Новости партнеров