Алматыда Сейфуллин мен Масанчи көшелері қалай өзгереді

Шаһар әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында осы бағытта іске асып жатқан шаруалардың барысымен танысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қалалық ортаны жаңғырту жобалары айрықша назарда. Шаһар әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында осы бағытта іске асып жатқан шаруалардың барысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мегаполис басшысы әуелі Сейфуллин даңғылына ат басын бұрды. Жоба аясында көшенің екі жағындағы кеңістік толық жаңартылып, жаңа жүргіншілер аймақтары мен веложолақтар салынып жатыр. Сондай-ақ жарықтандыру жүйесі жаңартылып, көгалдандыру қолға алынған.

Қала әкімі Масанчи көшесін жаңғырту жобасымен танысты. Бас жоспарға сәйкес мұнда жүргіншілер инфрақұрылымы дамып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. 

Оқи отырыңыз: Алматыда бір тоннадан астам мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналды