Алматыда тарихи ғимараттардың цифрлық келбеті жасалады

BRAUIC-2025 форумында сәулет мұрасын сақтау үшін жаңа технологиялар таныстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ақылды технологиялардың көмегімен тарихи ғимараттардың цифрлық келбеті жасалмақ. Алдағы уақытта олар әлем бойынша сәулет мұраларын сақтайтын жаңа жүйеге енгізіледі. Бастама Халықаралық білім беру корпорациясының ұйымдастыруымен өткен BRAUIC-2025 форумы аясында қолға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасын негізге алған алаңға 39 елдің бизнес өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдар жиналды. Олар құрылыс саласының цифрлық және тұрақты даму стратегияларын талқылап, жаңа серіктестік келісімдерге қол қойды. Соның ең негізгісі - Қазақстан, Қытай және Ұлттық ғылым академиясы арасындағы үшжақты меморандум болды. Құжат бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын және технологиялық бастамаларды дамытуды көздейді.  

«Басты мақсат – мемлекетті, жоғарғы оқу орындарын, ғылымды, бизнесті үйлестіру. Осы жерде үлкен келісімшарттар, екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып жатыр. Біз кеше осы форумның аясында 4 қытайлық жоғары оқу орнымен келісімшарттарға отырдық. Оның аясында біз ұстаздармен, студенттермен алмасу, ортақ ғылыми жобалар жасауға келістік. Яғни, мұндай алаңдар біз үшін өте үлкен маңызға ие», - деді Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Бақтияр Сәбденәлиев.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалар арасында қызылша ауруы 90%, көкжөтел сегіз есе азайды

Новости партнеров