Алматыда Тау Самалы шағынауданының 6 мыңнан астам тұрғыны орталық су жүйесіне қосылады

21.10.2026 16:16

Қазіргі уақытта магистральдық желілерді тарту жұмыстары толық аяқталды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданындағы Тау Самалы шағынауданында жалпы ұзындығы 80,3 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жалғасып жатыр. Жоба жүзеге асқан соң 6 500-ге жуық тұрғын орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта магистральдық желілерді тарту жұмыстары толық аяқталды. Енді абоненттік қосылымдар жасалып, асфальт жабыны қалпына келтіріліп жатыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын, соның ішінде жол жабынын қалпына келтіруді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Медеу ауданында бұған дейін «Таулы Қырат», «Кіші станица» және «Атырау» шағынаудандарында да сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу мен дамыту жобалары жүзеге асырылды. 

Атап айтқанда, «Таулы Қырат» шағынауданында 4 200 тұрғынды қамтитын 38,1 шақырым инженерлік желі, «Кіші станицада» 4 200 тұрғынға арналған 21,4 шақырым желі, ал «Атырау» шағынауданында 3 100 тұрғынды қамтитын 29,6 шақырым желі тартылды. Қазір Тау Самалы шағынауданында 80,3 шақырым инженерлік желі салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Төрт жоба аясында салынатын инженерлік желілердің жалпы ұзындығы 169,4 шақырым. Оның ішінде 78,4 шақырымы – сумен жабдықтау, 91 шақырымы су бұру желілеріне тиесілі.

Жобалар толық жүзеге асқанда Медеу ауданының 18 мыңға жуық тұрғыны инженерлік инфрақұрылыммен қамтылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады

Толық көрсету
Теги: Алматы су