Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

31.05.2025 21:14

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі шығыс бағытындағы бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«BALAFEST. Jaryq SKILL FEST» қалалық балалар фестивалін өткізуге байланысты Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі шығыс бағытындағы бөлігі 1 маусымда сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін жабылады. Батыс бағытта көлік қозғалысы шектелмейді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!