Президент Балаларды қорғау күнімен құттықтады

01.06.2025 09:01

Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.

Оқи отырыңыз: "Ұлттық қор - балаларға" жобасы: әр балаға қаражат бөлу жалғасады