1982 жылы іске қосылған құбырды жөндеуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі
Алмалы ауданында Райымбек даңғылының бір учаскесіндегі қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 30 мамырда сағат 23:00-ден 31 мамырдағы сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылында Емцов көшесінен Н. Тілендиев көшесіне дейін шығыс бағытта көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Ал батыс бағыттағы қозғалыс ашық қалады.
«Жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау әрі 1982 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі», - делінген хабарламада.
Еске салсақ,қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.
«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қозғалыс шектеледі: Алматының екі ауданында 42 жыл бұрын салынған жылу желілері ауыстырылады