Алматыда тұрғындар мен қонақтарға алма ұсынылды

20.09.2025 10:09

Бұл акция Алматының қонақжайлығын тағы бір мәрте еске салды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№1 теміржол вокзалының алаңында Алматының Қала күніне орай мерекелік акция өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық киім киген бойжеткендер шаһар тұрғындары мен қонақтарын оңтүстік астананың басты нышаны - алмамен қарсы алды.

Бұл акция Алматының қонақжайлығын тағы бір мәрте еске салып, қатысқандардың бәріне мерекелік көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Қала символы - алма осы күндері Алматыға келген әрбір жанға ыстық ықылас пен шын жүректен шыққан алғыстың белгісіндей табыс етілді.

Оқи отырыңыз: Қала күні: Алматыда «Көктөбе опера-2025» халықаралық фестивалі өтеді