Алматыда ұландық сарбаздар есірткі жасырған күдіктіні ұстады

polisia.kz
polisia.kz

Жас жігіт оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде есірткі жасырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұрдәурен Айтмағанбет пен патрульші қатардағы жауынгерлер Айбек Байтулел мен Тимур Чабиков 8-шағынауданда қызмет атқару кезінде өзін күдікті ұстаған жас жігітті байқаған. Бұл туралы ұландықтар дереу әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлады. Әскери қызметшілер оның тұрғын үйлердің ауласындағы ағаштардың арасынан бірдеңе іздеп жатқанын байқады.

– Ол бізге күдікті болып көрінді. Сосын оған жақындадық. Күдікті азамат қашуға тырысты, бірақ біз оны ұстап алдық. Сол жерден ерекше иісі бар есірткі заты табылды, – дейді Нұрдәурен Айтмағанбет.

Ары қарай күдікті оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне берілді.

Оқи отырыңыз: Қордай ауданында жасөспірім қыздың денесі табылды

Новости партнеров