Маңғыстау облысында өртке оранған пәтерден 4 бала құтқарылды
Аlmaty.tv
Оқиға Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында өртке оранған пәтер ішінде қалған төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға бүгін Ақтау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.
"Екінші қабаттағы пәтерден өрт шықты. Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының жедел және кәсіби жұмысының арқасында бәрі сәтті аяқталды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада келіп, түтінді пәтерден үш иінді баспалдақпен 2009, 2012, 2020, 2024 жылы туған төрт баланы құтқарды. Өрт толығымен сөндірілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ еске салады:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Балаларға отпен ойнаудың қауіптілігі туралы айтыңыз;
- Сіріңкелер мен оттықтарды қол жетпейтін жерге қойыңыз.
Оқи отырыңыз: Алматыда ұландық сарбаздар есірткі жасырған күдіктіні ұстады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33