Акция арқылы жастар елдің одан әрі даму бағытына қолдау білдірді
Алматыда жаңа Ата Заңның күшіне енуіне орай ауқымды акция ұйымдастырылды. Іс-шара аясында биіктігі 4 метр, ені 2,5 метр болатын Конституция бейнесіндегі арт-нысан қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұдан бөлек, заң үстемдігіне, азаматтық жауапкершілікке және қоғамдық бірлікті нығайтуға арналған тақырыптық картиналар көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Акция арқылы жастар елдің одан әрі даму бағытына қолдау білдіріп, жаңа Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның болашақ жетістіктеріне негіз болатынын көрсетті.
«Бүгін арт-инсталляция қойып отырмыз. Бұл қоғамдық орында жастарға арнайы ұйымдастырылған шара. Жастар өздерінің ашық пікірлерін білдіріп жатыр, жаңа Конституция туралы ойларын ортаға салуда. Сонымен қатар қойылған арт-инсталляция жанында суретке түсіп, жалпы жақсы көңіл күймен қатысып жатыр. Бүгінгі тарихи күнде жастар өз ойларын ашық айтып, бір-бірімен пікір алмасуда», – деді Жастар саясаты басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Ермұхаммед Палмағанбетов.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа Конституцияның басымдықтары талқыланды