Алматыда заңсыз салынған автокөлік жуу орны бұзылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жоспардан тыс тексеру аясында нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, заңсыз салынған нысан Алғабас шағынауданында, Ф. Оңғарсынова көшесі, 80/1 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру аясында нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама орындалмаған.

Осыдан кейін материалдар Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен нысан иесі кінәлі деп танылып, құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылды.

Бүгінде нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзды.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі құрылысы баяу жүріп жатқан жобаларды жеделдету тапсырды