Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Нұршашқан» шағынауданы тұрғындарын қолжетімді көлікпен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрақты автобус бағыты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

№91 бағыттағы автобус «Нұршашқан» шағынауданы – Алматы-2 теміржол вокзалы» бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС «Golden Dragon» маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, маршрут уақытша байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыға берілді және сынақ режимде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігін ескере отырып, қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алды. Жыл басынан бері қалалық мобилділік басқармасы 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрутты ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 2 мектепке KiVa бағдарламасы орнатылды

Новости партнеров