Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бағыт әзірге сынақ режимінде жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және Алатау ауданындағы Теректі шағынауданы тұрғындарының қатынас қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық мобильділік басқармасы жаңа тұрақты автобус бағытын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

№83 бағыт «№184 мектеп – №7 қалалық аурухана» бағыты бойынша бүгіннен бастап қатынайды. Бағытқа ұзындығы 9 метрлік газбен жүретін Yutong маркалы автобустар шығарылады. Күн сайын төрт автобус жолға шығып, қозғалыс аралығы шамамен 10 минут болады.

Бағыт әзірге сынақ режимінде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен тұрғындар сұранысына байланысты қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алмалы ауданындағы аулалар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңарып жатыр

Новости партнеров