Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жөнделетін учаскеде ескерту тақтасы қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

BRT (Bus Rapid Transit — автобустың арнайы жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыған байланысты 21 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Абылай хан және Чайковский көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және «Яндекс карталарында» жарияланған.

Оқи отырыңыз: Сайран көлінде 124 қоқыс жәшігі орнатылды

Новости партнеров