Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайтын ТК тізімі жаңартылды

04.11.2024 15:53

Жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешенімен (ТК) толықтырылды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Ағымдағы күннің өзекті ақпараты бойынша тізім 36 тұрғын үй кешенінен тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешенімен (ТК) толықтырылды.

Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.

Оқи отырыңыз: Алматыда кезекте тұрғандарға жаңа пәтердің кілті табысталды