Алматыда журналистер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табыс етілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «ADD» үстел теннисі орталығында журналистер мен блогерлер  үстел теннисінен бақ сынасты. Спорттық іс-шараны Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі қала әкімдігінің қолдауымен өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлағандай, спорт аренасында осы жолы еліміз бен қаланың белді БАҚ өкілдері, тележүргізушілер, тілшілер, спорт шолушылары, фотографтар мен блогерлер бас қосты. Әдетте осындай оқиғаның бел ортасында жүретін медиа мамандарының өзі бұл жолы жарыстың бас кейіпкеріне айналып шыға келді.

Әр ойын қызықты да, тартысты өтті. Қатысушылардың айтуынша, үстел теннисінде бүкіл ойынның тағдыры бір-ақ сәтте өзгеріп кетуі мүмкін екен.

Қатысушылар жылдамдығын, реакциясын, тактикалық ойлау қабілеті мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жарыс барынша тартысқа толы болды. Жанкүйерлер әріптестеріне қолдау көрсетіп, бұл жолғы бәсекелі жарыс медиа қауымдастық өкілдерін ұйыстыра түсіп, өте қызықты болып өтті.

Жүлде қоры да жарыстың көрігін қыздырып жіберді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табыс етілді:

  • 1 орын — 500 000 теңге;
  • 2 орын — 400 000 теңге;
  • 3 орын — 300 000 теңге;
  • 4 орын — 200 000 теңге;
  • 5–7 орындар — 100 000 теңгеден.

Жарыстың тартысты өтуіне бәске қомақты ақшалай сыйлық  тігілгені де себеп болды.

Ұйымдастырушылар қонақтарға арнап ойын-сауық бағдарламасы мен фуршет те ұйымдастырды. Бұл іс-шара сөйтіп жай ғана турнир болудан қалып, спорт пен медиа қауымдастықтың үлкен мерекесіне айналды.

«Өткен турнир спорттың түрлі мамандық иесін біріктіре алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Журналистер мен блогерлер жеңіске жеткенімізді хабарлап қана қоймай, өздері де сол жеңіс үшін жанын салып күресе алатынын көрсетті», — дейді іс-шараны ұйымдастырушы, Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің жетекшісі Балсұлу Әлекенова.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Новости партнеров