Алматыдағы Рахат базарының аумағы абаттандырылады

10.04.2026 21:28

Бұл жер телімі - Жетісу ауданы әкімі аппаратының меншігінде

Алматыдағы Рахат базарының аумағы абаттандырылады. Бұл жер осыдан 3 жыл бұрын Жетісу ауданы әкімі аппаратының меншігіне берілген,

Жауаптылардың айтуынша, жақын арада мұнда демонтаж жұмыстары басталады. Соған байланысты аудан әкімдігі саудагерлер үшін көршілес базарлардан жеңілдетілген бағада уақытша орындар қарастырып қойған. Өзге сауда нысандарының әкімшілігі де кәсібін дөңгелетіп отырғандарға түсіністікпен қарап, дүңгіршіктер ұсынуға дайын. Жауапты мамандардың айтуынша, басты мақсат – базардан нәпақа тауып отырғандарға жайлы жағдай жасап, келушілерге қолайлы ету.

«Бұл жер телімі - Жетісу ауданы әкімі аппаратының меншігінде. Сондықтан біз осы аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз қажет. Қазіргі таңда базарда өрт қауіпсіздігі талаптары да, санитарлық нормалар да сақталмай отыр. Соның салдарынан тек жалға алушыларға ғана емес, келушілерге де қауіп төніп тұр десек болады. Осыған байланысты Жетісу ауданы әкімдігі мұнда тәртіп орнату жұмыстарын бастады»,  - деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Айдын Сапарбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі